№ 2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінің тарихы

 

Мектеп 1996 жылы ашылып,Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында орын алған жұмыссыздық пен қаржы салдарынан мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің ауылды жерлерде жаппай жұмысын тоқтатуына байланысты екінші мөлтекауданда жабылған балабақшаның орнына орналастырылды. Оған үш аусымда оқытуға көшкен М.Әуезов атындағы мектептен сол маңнан қатынап оқитын 1-4 сыныптардың 680 оқушысы тартылды.

 

Директор болып Әліпбаев Тағабек  (қазіргі таңда зейнеткер) бекітілді. Құрамында  М.Молдаханов, Ә.Түзелова, С.Ахметова, А.Мүтәлиева, О.Төрекұлов,  М.Изтілеуова, Б.Жұмабаева, Б.Мырзахасова, Н.Ахулова, Н.Мамырова, А.Әшірбекова, Д.Арапбаева,  К.Дайрабекова,  Т.Төленова,  Н.Есімхан, Г.Сағым, А. Тұңғышбаева  сынды тәжірбиелі ұстаздары бар 7 жоғары, 43 орта арнаулы, оның ішінде бірінші санатта-13, екінші санатта-20 ұстаздар жасақталды.

   

Мектепті 1999 жылдан бастап, осы мектепте оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған  Беркимбаева Раушан Алданазарқызы 18 жыл басқарды. Осы жылдар арасында бұл ұжым бүлдіршіндердің білімге деген ынтасын оятып, құштарлыған арттыруда нәтижелі еңбек етіп келеді. Мектеп оқушылары арасында "Золотое руно", "Кенгуру", "Зерде", "Адам және табиғат", "Самұрық", "Айгөлек", тақырыбында жыл сайын өткізілетін аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен конкурстарда жыл сайын  2-3 жүлдегер шығып, арнайы дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталуы осының айғағы. Осы жылдар арасында бұл ұжым бүлдіршіндердің білімге деген ынтасын оятып, құштарлыған арттыруда нәтижелі еңбек етіп келеді. Мектеп оқушылары арасында "Золотое руно", "Кенгуру", "Зерде", "Адам және табиғат", "Самұрық", "Айгөлек", тақырыбында жыл сайын өткізілетін аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен конкурстарда  жыл сайын  2-3 жүлдегер шығып, арнайы дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталуы осының айғағы.

 

Мектепте абыроймен  қызмет еткен ардагер ұстаздарымыз бүгінгі таңда бейнеттің зейнетін көруде. Атап айтар болсақ, Беркимбаева Р, Түзелова Ә, Молдаханов М, Төленова Т, Дайрабекова К, Жүзбаева Д, Ізтилеуова М, Жұмабаева Б, Жиенбаева П, Махамбетова Б, Сейтбекова Ш, Ахулова Н.

 

Мектепті 2017 -2018 оқу жылынан бастап Г.К.Айдарханова басқаруда. Мектепте қазіргі таңда 2021-2022 оқу жылында жалпы 83, оның ішінде жоғары білімді 71, орта арнаулы білімді 12 мұғалім жұмыс істейді.

 

1-4 сынып оқушылары-534, мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілері. - 136.

 

Өз мамандықтары бойынша Республикалық, облыстық деңгейде абыройлы қызмет атқарып жүрген Н.Есімхан, Г.Сағым, Қ.Сабирова, А.Мамраймова, Л.Абдукаримова, Ә.Тұңғышбаева, К.Асанова, Ж.Аширбекова, Б.Камбаевалардың іс-тәжрибелері аудан көлемінде таратылған.

 

Мектеп  оқушылары  2014 жылы желтоқсан айынана бастап жаңа ғимаратта  білім алуда.